Қызықты математика
«Ақбөпе» балабақшасы
«Қызықты математика!»
Ашық оқу қызметі
МАД-2 «Болашақ тобы» тобы
Тәрбиеші: Шаяхметова Ж
2021-22 о/ж
Білім беру саласы: Таным «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарпайым математика негіздері.Көркем әдебиет. Құрастыру
Тақырыбы: Қызықты математика ертегідегі мысыққа көмектесе отырып сөздік қорларын молайту
Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. 1-ден-10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау балаларды тапқырлыққа жауапкершілікке баулу.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ-жауап түсіндіру.1-ден 10-ға дейінгі
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер үлгі суреттер.санадар, суреттер. Мақта қыз бен мысық.
Блингвалдық компонент:1-один, 2-два,3-три орыс тілінде санау.
Оқу іс -әрекеті | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбер Шеңбер болып тұрайық Әлемде нұр тыныштық Әрбір бейбіт күн ыстық Қайырлы таң балалар Жарқырайды қаламыз Жайнай түсті даламыз Қайырлы таң апайлар Қайырлы таң балалар Балалар қазір қай мезгіл? Неше ай бар? Атап беріңдерші | Балалар тәрбиешінің сөзін іс-әрекетін қайталайды. Қыз мезгілі Үш ай бар Желтоқсан, қаңтар, ақпан |
Ұйымдастырушы іздестіруші Рефлексивтік түзету | Балалар бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін әңгімелеу. Ертеде Мақта қыз бен мысық болыпты. Мақта қыз үй жинап жүріп мейіз тауып алады. Мысықты шақырып мейіз берейін десе мысық келмейді. Мақта қыз Мысық келмеген соң мейізді өзі жеп қояды. Мысық келіп неге шақырдың деп сұрағанда Мақта қыз айтпайды.Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық құйрығымды берші деп жалынғанда Мақта қыз, сен берілген тапсырмаларды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін деді. -Балалар мысыққа көмектесеміз бе? 1. Тапсырма. Сиырдың тапсырмасы1-ден 10-ға дейін өсу ретімен және кері санау 2 тапсырма. Ағаштың тапсырмасы Логикалық есеп 3тап-ма. Қыздардың тапсырмасы Төртінші артық не артық Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда 5 саусақ 5-ті-5 ке қосқанда Болады екен 10 саусақ 4 тапсырма. Дүкеншінің тапсырмасы 1Мысалдарды шығар1 5 тапсырма. Тауықтың тапсырмасы. Дидактикалық ойын «Көршісін тап» 6-тап-ма. «Тышқанның тапсырмасы» Дамытушы ойын Төрт пішіннің ішінен қалғанына «Ұқсас пішінін тап» Жарайсыңдар балалар сендер барлық тапсырманы орындап шықтыңдар. Соңғы тапсырма ертегі кейіпкерлерін құрастыру. Балалар сендер ертегі кейіпкерлерін құрастырып мысыққа құйрығын қайтаруға көмектесіңдер. Жарайсыңдар Қорытынды Балалар сендерге Мысыққа көмектескен ұнады ма? Кімге қандай тапсырма орындаған ұнады? Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. | Балалар ертегіні мұқият тыңдайды -Ия көмектесіміз Тапсырмаларды орындаймыз Балалар екінші тапсырманы да орындайды Артық затты табады Балалар сергіту сәтін қайталайды. Балалар есептерді шығарады Балалар тапсырманы орындапп шығады Балалар ертіглер кейіпкерлерін құрастырады. -ұнады Балалардың жауабы |
Не істей алды: Тапсырмаларды толықтай орындай алды
