«Ақбөпе» балабақшасы Кел жаңа жыл біздерге! Ертеңгілік Кіші « » «Ақбөпе» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Мойынқұм ауданының білім бөлімінің
"Ақбөпе" балабақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақбөпе» балабақшасы Кел жаңа жыл біздерге! Ертеңгілік Кіші «
29
декабрь
2021

«Ақбөпе» балабақшасы Кел жаңа жыл біздерге! Ертеңгілік Кіші «







«Ақбөпе» балабақшасы

                                                                      




Кел жаңа жылбіздерге!

                                          

Ертеңгілік

                          Кіші  «Құлыншақ» тобы








Тәрбиеші: Адыханова А


2021-22 о/ж








Кел жаңа жыл біздерге!

Армысыздар балабақша ұжымы. Мінеки көптен күткен жаңа жыл меркеміз де келді.Жаңа жыл мерекесі барлық отбасына ынтымақ, береке, денсаулық әкелсін. Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Тәрбиеші: 

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа орап алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймыз сіздерді

Тек жақсылық әкелсінші арайлы-деп орта жаңа жылды шақырамыз.

Аяжан

Мен келген жаңа жылмын

Жаңа бақыт, жаңа нұрмын

Сіздерді мерекемен құттықтауға келіп тұрмын.

Тәрбиеші: Қош келдің жаңа жыл!

Төрімізден орын алыңыз. Біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Ән «Жаңа жыл келді».

Тәрбиеші: 

Мінеки көптен күткен жаңа жыл

Барысымызда келді. Ортамызда әсем шыршамызда  тұр. Ендібізге Аяз атамен Ақшақарда жақындап қалыпты. Олай болса Аяз ата, Ақшақарды шақырамыз. 

Аяз ата, Ақшақар-3рет

Қош келдіңіздер Аяз ата-Ақшақар

Төреш

Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыыйлақ алып көріңдер

Аяна

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып

Ерке

Жүзімізде  күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылджы біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Дарын

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Бір қолында шоколад

Бір қолында мармелад

Тәрбиеші: 

Қане балалар келіңдер

Шырша тойын көріңдер

Әсем ән мен би билеп

Ән жырларын төгіңдер

Тәрбиеші: 

Әкелсін жыл ырыс-құт

Әлемде болсын тыныштық

Жаңа жылым тамаша

Би билейік жаңаша

Би: Шырша биі

Билейтіндер: Айбике, Аяна, Медина, Раяна, Айзия, Ақнұр

Айтұмар

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында асем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Аруна

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Айбике

Аяз ата қандайсың

Сексендеге шалдайсың

Өтірік сақал жасап ап

Балаларды алдайсың

Би: «Аяз ата биі»

Тәрбиеші: 

Жаңа жылды қарсы алып

Той жасаймыз жылда біз

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға-жыр

Ән: «Шыршаға бардық»

Тақпақ 

Әліби

Ал балалар тұрмайық

Би билейік ойнайық

Аяз та қуансын

Дөңгеленіп, зырлайық

Айсезім: 

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күмістей

Қызыл ала шапанды

Сағындым аяз атаны

Аяжан

Аппақ аппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман маужырайды

Маужырайды түнгі аспан

Би «Шығыс биі»

Билейтіндер: Аруна, Аяжан, Айсезім, Ханшайым, Айтұмар, Ерке

Ханшайым: 

Тілекші мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

Раяна: 

Кел билейік, үйренейік

Ол келегенше жаңа жыл

Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл

Медина

Аппақ тонға оранып

Базарлақта мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

«Ақшақар» биі (қыздар)

Жеке би: «Өзбек биі»

Дәрібай Айзия

Ақнұр: 

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Оң қолында шоколад

Сол қолында мармелад

Медина

Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен ойлайды

Айзия.

Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шыршайық баршамыз

Тәрбиеші: 

Қош келдің жаңа-жыл

Жаңа өмір жаңа нұр

Шашу болып жолыңа

Төгіледі ән мен би

Тәрбиеші: Қоштасу сөз



Теги:
Ақбөпе
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив