Балабақша тарихы » «Ақбөпе» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Мойынқұм ауданының білім бөлімінің
"Ақбөпе" балабақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балабақша тарихы
24
ноябрь
2021

Балабақша тарихы

Мойынқұм ауданы Бірлік ауылындағы балабақшалар тарихы


Мектепке дейінгі мекеме Көктерек ауданы Бірлік ауылында 1955 жылы тамыз айында ашылған. Балабақша ғимараты Аманкелді көшесінің бойында 3-4 бөлмелік, 25 бүлдіршінмен бір поп тәрбие жұмысын жүргізген. Алғашқы №7 балабақша меңгерушісі Камила Тұрғанова апайымыз болды.





















Алғашқы тәрбиешілер: Карстен Кристина Германовна,

                                         Константинова Тамара Николаевна.

1955-1966 жылдар аралығында балабақша 5 топқа көбейген.

1961 жылы Көктерек ауданы Көктерек совхозы Қызыл Октябрь бөлімшесінен 10-15 балалық 5-6 айлық ясли тобы совхоз жұмысшыларына арналып қосымша балабақша ашылған. Совхоз балабақшасының меңгерушісі

Асылбекова Зылиха апай, тәрбиешісі: Жұмабаева Дәркен апай жұмыс істеген. Көктерек совхоз балабақшасы 1966 жылға дейін жұмыс ісспеп, кейін №7 балабақшасына біріккен.


1996 жылы №7 «Солнышко» балабақшасы Бірлік ауылының Исабек көшесінің бойында, ауласы қоршалған, үлкен бөлек-бөлек бес ғимаратта, 225 бүлдіршін тоғыз топта орналасады.

Меңгеруші: Камила Тұрғанова


1985 жылы балабақшасы 6 топқа есептелінген типтік, екі қабаттық, 140 орындық жаңа ғимаратқа көшеді. 1955-1988 жылдар аралығында 33 жыл үздіксіз меңгерушілік қызмет атқарған Камила Тұрғанова құрметті еңбек демалысына шығады.


1988-1990 жылдары Константинова Тамара Николаевна меңгерушілік қызмет атқарып, құрметті еңбек демалысына шықты.


1990 жылы оқу тәрбие жұмыстары орыс тілінде жүргізілетін №7 «Солнышко» балабақша аты өзгертіліп «Ақбөпе» балабақшасы атанды. Оқу тәрбие жұмысы 4 топқа қазақ тілінде, 2 топта орыс тілінде жүргізілді. Меңгеруші қызметін Құтжанова Рәткүл атқарды.

Қаржының аз бөлінуі салдарынан 1992-1993 жылдары балабақшада төрт топ, 80 бала қалды.

1993 жылы балабақшада тағы бір топ қысқарып, үш топта 65 баламен оқу-тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізілді.

Меңгеруші қызметін Саурықова Гүлнар атқарды.


1997 жылы «Ақбөпе» балабақшасына қаржы бөлінбеудің салдарынан уақытша жұмыс істеу мерзімін тоқтатты.


2001 жылдың ақпан айынан бастап, «Ақбөпе»  балабақшасы қайта жұмыс істей бастады. Бастапқыда бір ғана топпен жұмыс жүргізген балалар мекемесі, қазіргі уақытта төрт топқа қол жеткізіп, 95 бүлдіршінге оқу тәрбие жұмысын жүргізіп отыр.


2001 жылдың ақпан айынан бастап, «Ақбөпе»  балабақшасы қайта жұмыс істей бастады. Бастапқыда бір ғана топпен жұмыс жүргізген балалар мекемесі, қазіргі уақытта алты топқа қол жеткізіп, 140 бүлдіршінге оқу тәрбие жұмысын жүргізіп отыр.

2002ж балабақша меңгерушісі Кенжекүл Есбаева. 

2006ж балабақша меңгерушісі Фатима Базарбекова

2008ж  балабақша меңгерушісі Гүлнар Саурықова

2010ж балабақша меңгерушісі Аклимаш Балықбаева

2014ж балабақша меңгерушісі Эльмира Карибаева 

2019жылдан бастап «Ақбөпе» балабақшасының меңгерушісі Нұрбибі Саурықова басшылық жүргізіп келеді.

Балабақша жетістіктері:

1.Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының  «Ең үздік балабақша меңгерушісі» атты облыстық байқауының «Шығармашыл меңгеруші» Дипломымен марапат.2015ж

2.Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы  «Әулиеата бояулары» I халық шығармашылығы фестиваліне белсене қатысқаны үшін Алғыс хат. 2019ж
3.Облыстығы мектепке дейінгі мекемелерде тіл саясатын насихаттауға бағытталған «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты акцияға қатысып, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат. 2019ж
4. Аудандық білім бөлімінен алғыс хат. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде 2019ж
5. Аудандық білім бөлімінен ХІІІ аудандық спортакиададан Диплом.
«Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты VIII аудандық спортакиадасының  дипломы.
6. Облыстағы мектепке дейінгі тіл саясатын насихаттауға бағытталған акциясынан Алғыс хат
7. Аула клубы КММ-ның «Биші ханшайым» байқауына қатысып   1 орын дипломы.



Теги:
Ақбөпе
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив