Көңілді ойындар
«Ақбөпе» балабақшасы
«Көңілді ойындар»»
Ашық оқу іс-әрекеті
Ерте жас «Балапан» тобы
Тәрбиеші: Әбубекова Г
2021-22 о/ж
Білім беру саласы: Таным (Коммуникациялық интеграциясы)
Сенсорика(Көркем әдебиет интеграциясы)
Тақырыбы: «Көңілді ойындар»
Мақсаты: Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтастырып ажыратуға үйрету. Балалардың ойлау қабілеті арқылы тілін дамыту, Өзбетімен жұмыс жасауға машықтандыру. Балалардың бір-біріне қамқаор болуға, ұйымдастырып іс бітіруге шыдамдылыққа тәрбиелеу
Қолданылған инновациылық технологиялар: аудиодыбыс, Монтесорридің педогогикалық жүйесі (сенсорикалық аймаған қамту), ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы (Су джон)
Қолданылған материалдар: Пішіндер әр түрлі фетрадан дайындалған үлестірмелі метериалдар,тікенекті доптар.
Сөздік жұмыс:Орман
Биингвалды компонент: Қоян-заяц, сәбіз-морковь,орман-лес
Іс-әрекеттер | Тәрбиеші іс-әрекеті | Бала іс-әрекеті |
Мотив қозғаушы Рефлек.түзету | Тәрбиеші: -Балалар бізде бүгін ерекше күн, бізге көп қонақтар келіпті Қонақтармен амандасайық Шаттық шеңбер Сәлем менің алақандарым (Қолдарымен шапалақтайды Сәлем менің аяқтарым (аяқтарымен топыралатады) Сәлем аппақ бетіме (бетін сипайды) Еріндеріме сәлем (Еріндеріме сәлем) -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілі екенін қайдан білеміз? -Қыс мезгілінде қар жауады -Қыс мезгілінде қанша ай бар? -Қане атап көрейікші? Тәрбиеші: -Балалар тыңдайықшы, бұл ненің даусы екен? -Қане мен барып көрейін. Ой балалар мұнда хат бар екен. Мен сендерге оны оқып берейін. Хатта қоян жазыпты, ол барлығымызды қонаққа шақырады. Ол бізбен бірге көңілді қызықты ойындар ойнағысы келеді. Олай болса орманға қалай жетеміз? -Барсақ барайық Тәрбиеші -Балалар поездға отырмас бұрын, поездың қандай дыбыс шығаратынын айтайықшы -Балалар енді поезд іске қосылады, абай болыңдар Аудиодыбыс поездың дауысы Орман және қоян бейнесі Тәрбиеші: -Анау алыстан секіріп келе жатқан не болды екен? Қоян Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерді көргеніме сондай қуаныштымын. Алақай, алақай мен сендермен ойнайтын болдым. Келгендерің қандай жақсы болды. Тәрбиеші: Бізде қарап тұрмайық Қызықты ойын бастайық Тікенекті допты алайық Қолымызды сықырлатып алайық Суджон жаттығуы 1ойын. «Тікенекті доптар» Добым, добым домалақ Қайда кеттің домалап Үстел үстін бүлдірдің Тәрелкені сындырдың Тәрбиеші: -Балалар мынау не зат болды екен? Дұрыс айтасыңдар-бұл шарлар, оны бізге түсіне қарай ажырату керек екен. 2 ойын. Дидактикалық ойын «Түсіне қарап ажырат Шарты: Балалар үш түсті шарларды үш ыдысқа бөліп салады. Тәрбиеші: Балалар біз керемет ойын ойнадық енді досымызға сыйлық жасайық. Дидактикалық ойын. «Сәбіз жинау» Шарты: Балалар сәбіздің сабағын орналастыру қажет, қыстырғышты қолдану арқылы Тәрбиеші: -Балалар біз ойнадық, көңіл көтердік, енді бір таза ауада сергіп алайық. Сергіту жаттығу қоянмен Қоян өзің қандайсың Бір ойынға тоймайсың Секіріп-секіріп Артымыздан қалмайсын Қоян -Балалар сендерге көп рахмет маған сәбіз сыйладыңдар, көп ойын үйрендім сендермен бірге Сау болыңдар балалар жолдарың болсын Тәрбиеші: -Балалар пойызымызға отырайық, бақшамызға қайтайық. Қоян мен қоштасайық (поездың аудиодыбысы қосылады) -Балалар ,біз бүгін қайда бардық? -Орманға немен бардық? -Ол жерде біз не істедік? -Біз кімге қонаққа бардық? Билингвалды сыңары: Қоян-заяц Сәбіз-морковь, орман-лес Тәрбиеші балаларды мадақтайды | -Сәлеметсіздер ме Қимыл жасау -Казір жылдың қыс мезгілі Табиғаттың өзгеруінен білеміз -3 ай -желтоқсан, Қаңтар, Ақпан Қарғаның даусы екен -Поездбен барамыз Пух-чик-чик -Ол қоян ғой -сәлеметсің қоян -Ия, ия, ия -Лл шарлар Балалар қызыл, жасыл, көк шарларды дәл сондай түсті қорапқа салады. Балалар фетрден жасалған сәбізге қыстырғыш қыстырады. Балалар қайталайды Рахмет саған,қоян қуанады -сау бол қоян -орманға бардық -Поездбен бардық Ойын ойнадық -Қоянға -Ия |
Біледі: Көк, қызыл, жасыл түстерді ажыратады.
Игереді: Пішіндерді орналастыруды, ұсақ маториканы жетілдіру.
Меңгереді: Көркем әдебиет кейіптерін фетрден дайындалған үлестірілмелі
материалдармен жұмыс жасауды.