Жаң ажыл!
Жаңа жыл!
Жүргізуші:
Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт дастаным
Құрметті қонақтар балалар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. «Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ортада болашақ тобының бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық.
Келді, келді Жаңа жыл
Қуанып қарсы алда біл
Аяз ата сыйлығын
Алайық айтып Жаңа жыр
Қане балалар ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
Аяз ата
Құтты болсын балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп ұл қыздарым
Ақшақар
Сүйсіндірер маңдайды
Ақшақарым арайлы
Жалт жұлт еткен жүзімнен
Күміс сауле тарайды
Жүргізуші: Аязата Ақшақар. Қош келдіңіздер біз сіздерді көп күттік балалардың дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
Ән «Жаңа жыл!
Жүргізуші: Аяз ата балаларымыздың жаңа жылға деген тақырыптарын тамашалаңыздар.
Ақнұр
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Толғанай
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың
Дарын
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Ерай
Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды
Жүргізуші
Достарымыз бар қуанып
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде қыздарымыздың орындауында «Ақшақар» биі
Ендігі кезекті балалардың тақпақтарына береміз
Исмайл
Новый год встречаем
Елку наряжаем
Вешаем игрушки
Шарики,хлопушки
Еркеназ
Весело и дружно
Водим хоровод
Скажем вместе дружно
Здравствуй Новый год
Сырым
Наступает Новый год
Радостный и яркий
Дед Мороз нам принесет
Вкусные подарки
Ақниет
Дети водят хоровод
Хлопают ладоши
Здравствуй, здравствуй Новый год
Ты такой хорошый
Жүргізуші:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Риза болсын балаша
Аппақ аяз атамыз
Ұлдарымыздың орындауында «Үнд» биі»
Ендігі кезекті балалардың кезектеріне береміз
Жан
Той мереке басталды
Думандатты шаттанып
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап
Т. Нұрбақыт
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орманда
Дәл атамдай салмақты
Еркеназ
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем аяз атамыз
Қымбат
Жаңа жыл сені күтіп албеңдеп Ортаға Барыс жылы келеді.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Барыс жылы Сіздің биылғы жылыңыз құтты болсын. Ортамызға қош келдіңіз. Кел төрлет жаңа жылым
Жүргізуші:
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін
Ортақ осы арманы
Жақсы достар көбейсін
Қыздарымыздың «Шығыс» биін тамашалаңыздар
Ән. «Елочка» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Билейміз де ойнаймыз
Балғын ұл қыздар
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздай
Ұлдарымыздың орындауында «Аяз аталар» биі
Жүргізушілер:
Жаңа жылға аранлады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып Жаңа жылым келді
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл
Осымен «Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Әрбіріңіздің отбасыңызға Жаңа нұр Жаңа шуақ табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін.Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі жыл болссын, келесі, мерекелі жыл болсын келесі жылда кездескенше аман-сау болыңыздар.