Қош келдің Жаңа жыл!
Қош келдің,
Жаңа Жыл!
Ерте жас «Балапан» тобы
Тәрбиеші: Мүлкібаева Гүлнұр
Қош келдің Жаңа Жыл!
Жүргізуші :
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылықты әкелсін,
Бәрімізге биылғы жыл арайлы!
Жаңа жылды тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
Бүгінгі әсем ақ таңда!
Ерте жас «Балапан» тобымен
Жаңа жылды қарсы алайық
Би билеп ән салайық.
Жүргізуші : -- Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамызда ойыншықтардың сан алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ.... шыршамыз көңілсіз, кәне менің көмекші таяғымның көмегімен , сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
( шырша шамы жанады, алақайлап қол соғады)
Ж:-- Міне, керемет, қол ұстасып бәріміз, әнімізді шырқайық.
Ән «Жаңа жыл»
Келді міне, жаңа жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып.
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,
Шашу шашып, әрқашан ән салайық
Алланың нұры жаусын әрбір үйге,
Жақсылықты тілеймін бар әлемге!
Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын!
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын!
Ж:--Балалар,жарайсындар.Айтындаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
Канекей,ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар
Аяз Ата : Құтты болсын, балалар,
Келген жаңа жылдарың,
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп ұл-қыздарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал , мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын, аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін , жырмын, тақпақпын.
Ж : --Қош келдіңдер, қонақтар, алыс жолдан,
Әсем ән бар, би де бар,
Отыр ата, сәл дем ал.
Балалардың шыршаға арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар
Нұрали: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Раяна:Шырша тауда туыпты.
Шырша тауда өсіпті
Енді бізге қонаққа
Жасыл болып келіпті.
Ж : Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Билейді біздің сұлулар , деп ортаға « Ұлпақарлар» шеберлерін шақырғым келіп тұр.
Інжу : Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерін арқалап
Аяз ата келіп тұр
Айзере : Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша
Әппақ аяз атамыз
Жүргізуші: Балалар жаңа жылға ән айтып берейік.
Ән: «Шыршаға бардық»
Жүргізуші: Өлең де әзір, әнде әзір,
Ойында әзір, бәрі әзір.
Кел , жаңа жыл біздерге,
Кел , жаңа жыл, Жаңа жыл
Аяз ата енді біздің балалардың жаңа жыл мерекесіне арнаған тақпақтарға кезек берейік.
Ақтоты:Қаптың аузы ашылды. Ойыншықтар шашылды.
Ернар Айдар:Алақай,алақай.Қар жауып тұр балақай.
Айда:Ән айтамыз. Би билейміз.Біз көңілді баламыз.
Ж: --- Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Биге келсін ұлдарым,
Жарқыратып ортаны.
Би: Қонжықтар биі ұлдар.
Ж: - Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша
Әппақ аяз атамыз
Нұрислам:Сыйлықтарын мол алып. Келді аяз ата оралып.
Бейахмет:Аяз ата аппақ.Кампиттері тәтті-ақ.
Ән айтамыз. Би билейміз.Біз көңілді баламыз.
Ж : Балаларымыз көңілді,
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Ән айтайық тамаша!
«Бала бала балақан»
Ж : Құрметті қонақтар, тәрбиешілер, балалар! 2022 жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,
Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Жаңа жылда жол болсын!
Әрбір үйде той болсын!
Берекелі жыл болсын!
Ақ дастарқан мол болсын!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

