Қыс қызығы » «Ақбөпе» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Мойынқұм ауданының білім бөлімінің
"Ақбөпе" балабақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(72)54-57-40
bookkeeping:
+7(72)54-57-55
Version for
visually impaired
26
January
2022

Қыс қызығы

Бірлік ауылы

«Ақбөпе» балабақшасы






                                          Қысқы шынықтыру ойындары
















                                                   Дене тәрбие нұсқаушысы: Сарыбаева Д. 







2021-2022 оқу жылы




Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс-әрекеті «Дене тәрбиесі»

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Балаларды жүруге, жүгіруге,  кедергілер арасымен жүгіруге, қыс туралы жаттаған тақпақтарын айтқызу, эстафеталық ойындар ойнату.

Балалардың ішкі жан дүниесін оята отырып, олардың күш жігерін, еркіндігін шынықтыра отырып жеңіске жеткізу.

Керекті құралдар: 3шана, кеглилер, түрлі-түсті бояулар, 3 қалақ, 3 шелек, з шарф, 3 сәбіз, көздеріне қара көмір, қар домалақтары, шайба, клюшка, ракетка, доп.

Құрмететті, Балалар және балабақша ұжымы.

Бүгінгі «Қыс қызығы» мерекесіне қош келдіңіздер!

Қыста көптеген ойындар ойнауға болады. 

-Қыс дегенде біз нені көз алдымызға елестетеміз?

-Күннің суықтығын, қарды, шананы.

-Қыс мезгілінде қанша ай бар?

-Қыс мезгілінде үш ай бар.

Қардың түсі қандай?

-Қардың түсі ақ

-Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

-Қыста күн суық болады, қар жауады, мұз қатады.

- Олай болса біз   бірнеше ойындар ойнаймыз.

Біздің бірінші ойынымыз «Шана тарту».

Сол кезде қоянмен түлкі қуанып жүгіріп келеді. Біз де сендермен бірге ойнайықшы, бізді командаларыңа қосыңдаршы.

-Балалар қоян мен түлкіні қосамаз ба?

-Ия

-Түлкі мен қоян топтың басында тұрып, ойынды бастайды.

1 ойын: Шана тарту

2 ойын Шыршаны сәндеу

Жылыну сәті. «Ұзын құлақ сұр қоянды» тақпақғын айту арқылы қимыл жасау.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып, ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Көзінің сап қиығын

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

3 ойын: Қалақпен қар тасу

4 ойын: Дәлдеп құлату

5 ойын: Сақиналарды ретімен жинау

6 ойын:  Шайбаны клюшкамен алып жүру


Алаңдағы балаларға ыстық тоқаш таратылады.

Құрметті балалар, балабақша ұжымы бүгінгі қыс қызығы атты спорттық іс-шара аяқталды. Көңілді ойынымызға қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.





Теги:
Ақбөпе
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив