Алтын күз
«Алтын күз,әсем айналам»
Етеңгілік мектепалды даярлық топта
2021ж
Тәрбиеші : Давыдова Телли
Тәрбиеші : Құрметті қонақтар бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған
«Алтын күз,әсем айналам» атты тәрбие ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Балалар,қазір жылдын қай мезгілі?
Балалар : Күз мезгілі
Тәрбиеші: Мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап –сарығып қояды
(күз )
Тәрбиеші : Күздің қандай ерекшеліктері болады?
Балалар :Күзде күн салқын болады.Адамдар жылы киімдерін киеді.Құстар жылы жаққа
Ұшып кетеді.Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Күзде көкөністер
мен жемістер піседі,егін жинау болады.Адамдар қыстық азығын жинайды.Нағыз
сары алтындай сары күз-қыркүйек айы.Бұл ай –еңбек айы.Көкөністер мен
жемістердің шипалы және емдік қасиеті бар,дәрумендері өте көп болады.
Тәрбиеші: Жыл мезгілімізге арналған өлең шұмақтарын тыңдайық,тақпақ айтатындар:
Зурият : Наступила осень
Пожелтел наш сад
Листья осыпаются
Золотом горят
Нұрислам : Жиналып қаппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз
Ішіміздегі адамға
Тиеді көп пайдамыз
Раяна : Берекесін силауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Аяулы: Жер берді жемісті
Күз келді келісті
Күз байлық береке
Алтын күз мереке
Жанали : Сап-сарығып даланы
Бақытты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
Тәрбиеші: Ұшты кенет жапырақ
Ой,алақай тамаша!
Шашу шашаты жапырақ
Алтын күзге арналған әнімізді айтайық
Ән: Жау,жау жаңбыр
Тәрбиеші: Қуанышқа көңіл бүгін тасады
Балалардың шашуларын шашады деп балалардың тақпақтарына берейік
Нуриман : Мен шиемін,шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін
С.Айару : Мен алмамын,алмамын
Таңдандырар бол дәмім
Пісіп толдым мінекей
Баптап ерек бағбаным
Айлин: Мен өрікпін,өрікпін
Дәмімен елді еліттім
Сүйіктім сәбилерге
Айтамда бөліп тым
Бегім: Мені бәрі жүзім деп
Бір-бірден үзіп жеп
Қызықтырам көркіммен
Қатар-қатар тізілген
Тәрбиеші: Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық
Би:»Жапырақтар»
Ойын: «жемістер мен көкөністер»
Тәрбиеші: Ал,балалар ақылды
Барша жұртты шақырды
Өлең оқып мәнерлеп
Таңқалдырар бәрімізді дей отырып балалардың тақпақтарына берйік
Ерасыл : Тандаңдырар бәрін
Асқабақтың дәмі
Кептірілген дәмім
ТаптырMayтын дәрі
Ақмаржан : Мен қиярмын,қиярмын
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сылаймын
С.Айруна :Мен картоппын
Бір қарасаң доппын
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам
Тәрбиеші : Мерекеде сызылтып әң салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл күз мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән : «Алтын күз» әнің қабылалыңыздар
Тәрбиеші : Осымен «Алтын күз,әсем айналам» атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды тыңдағандарынызға рақмет!
